Экономика
1 мин оқу 260

Доллардың бағасы күн санап өсіп келеді

<p style="text-align: justify;">Елімізде доллардың бағасы күн санап өсіп келеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

27 қазандағы таңғы сессия қорытындысы бойынша сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 429,96 теңгені құрап, 0,31 теңгеге қымбаттаған-ды.

Бұған дейін Ұлттық Банк 27 қазандағы америкалық валютаның ресми бағамын атады. Доллардың ресми бағамы 429,59 теңгені құрады.

Kurs.kz-тің ресми деректеріне сүйенсек, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатудың орташа курсы – 430,57 теңге болса, сатып алу 429,04 теңге.

Ал елордалықтар ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 430,64 теңгеден сатса, 429,55 теңгеден сатып алып жатыр.

Бөлісу:
Доллардың бағасы күн санап өсіп келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар