Қоғам
1 мин оқу 194
Карантиндік стационарға ұшақ жолаушылары түскен жоқ
<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтанға барлық әуе рейстерінің жолаушылары ПТР-тест анықтамаларымен келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"27 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына Түркиядан 138 әуе жолаушысы келді, оның ішінде Қазақстанның 101 азаматының барлығы COVID-19 ПТР анықтамасымен келді. Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына бүгін ешбір жолаушы түскен жоқ", деді С.Байғабылов.
Айта кетейік, Қазақстанға келетіндерден, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан ПТР-анықтама талап ету бойынша шектеулер енгізілді.
Бөлісу: