Аймақтар
1 мин оқу 520

Қатты жел шатырды ұшырды

<p style="text-align: justify;">Ұйытқи соққан қатты жел Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылында орта мектептің шатырын зақымдаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қатты жел шатырды ұшырды

Екпіні секундына 17 метр болатын желдің салдарынан 1600 шаршы метр шатырдың 90 шаршы метрі  қираған. Табиғаттың тосын мінезінен ешкім зардап шеккен жоқ.

Облыстың Төтенше жағдайлар қызметі дауылды ескерту туралы алдын ала хабардар еткен. Сондықтан да тұрғындардың сақ болғаны жөн. Билбордтардан, жел шайқайтындай аспалы құрылымдардан, электр беру желілерінен мүмкіндігінше алыс жүрген абзал. Сондай-ақ, мамандар үлкен ағаштардың астына автокөлік қоймауға кеңес береді.

Төтенше жағдай бола қалған жағдайда 112 телефонына хабарласуға болады.

Бөлісу:
Қатты жел шатырды ұшырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар