Аймақтар
1 мин оқу 903

Атырауда студенттер жатақханасы өртенді

<p style="text-align: justify;">Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің төрт қабатты жатақханасы өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда студенттер жатақханасы өртенді

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, кеше жатақхананың бірінші қабатын өрт шарпыған. Өрт ұзартқыштың қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жатақханадан 36 адам, оның ішінде 8 бала шығып үлгеріпті.

"Жатақханада 21 отбасы тұрады. Олар – оқытушылар. Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 арнайы техника жұмылдырылды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда студенттер жатақханасы өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар