Ауа райы
1 мин оқу 1,100
29-31 қазан күндері күн жылынады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы 29-31 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айттып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады, республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді", делінген хабарламада.
Бөлісу: