Білім
1 мин оқу 800

Мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды

Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау:

2-11 сыныптарда аптасына 2 және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.

2-11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, БЖБ жүргізіледі және олардың негізінде жарты жылдыққа баға қойылады (ТЖБ жүргізілмейді).

1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды. Жылдық баға қойылмайды.

БЖБ және ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспау керек.

2-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ уақыты реттелмейді, әр пән бойынша 2 тапсырмадан аспайды.

5-11 сыныптарда 3 тапсырмадан артық берілмейді.

БЖБ және ТЖБ кестесін мектеп әкімшілігі әзірлейді.

БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер пәндер бойынша спецификацияға сәйкес өздері дайындайды.

Бөлісу:
Мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар