Ауа райы
2 мин оқу 600

Қазақстанда бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК еліміздің алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Синоптиктердің хабарлауынша, 29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең түнде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Тәулік бойы 29 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қазанда түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласына ертең түнде көктайғақ болады. Жел күндіз батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Көкшетауда ертең түнде көктайғақ болады.

29 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 29 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Қарағанды қаласында көктайғақ болады.

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Өскеменде ертең көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Семейде ертең түнде көктайғақ болады, тұман түседі.

29 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстіктен-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Ақтауда ертең оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Қазақстанда бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар