Өнер
3 мин оқу 640

«Абай» операсының кейіпкерлеріне арналады

<p style="text-align: justify;">Қараша айында &laquo;Астана Опера&raquo; театрында ұлы ағартушы, ойшыл, философ, ақын әрі композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған &laquo;Абай&raquo; операсының кейіпкерлері&raquo; атты көрме ашылады. Экспозицияда &laquo;Оскар&raquo; сыйлығының иегері Франко Скуарчапиноның ұлттық классиканың жауһары &ndash; М.Әуезовтің либреттосына жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің &laquo;Абай&raquo; операсына арнап дайындаған костюмдері қойылады.</p>

«Абай» операсының кейіпкерлеріне арналады

Бұдан басқа, көрермендер елор­да­лық театрда опера премьерасына әзір­лену жүре бастаған сәттен бас­тап «Абай» операсы­ның аңыз болған қо­йылымының тарихын баяндайтын әр­тіс­тердің дебюттерімен, сондай-ақ театрдың ауқымды гастрольдері ке­зіндегі фотоэкспонаттармен таныса алады. Мәселен, «Астана Опера» әр­тіс­терінің орындауындағы айтулы қойы­лымның арқасында, алыс-жақын шетел көрермендері қазақ халқының кемеңгер тұлғасымен жақын танысуға мүмкіндік алды.  

– Хакімнің сахнадағы көркем бей­несіне арналған бұл көрме арқылы біз көрермендердің ұлы ойшылдың өмі­рі мен шығармашылығына деген қызы­ғушылығын арттырғымыз ке­леді. Экс­позицияның ашылу күнінде Үлкен зал сахнасында «Абай» операсы қойылады. Қазақ ақынының тау тұлғасы – өз мағынасында дәуір ауы­суы кезіндегі, яғни өткеніміз бен ертеңімізді сабақтастырып тұрған «алтын көпір» тәріздес нышанды құбылыс. Мұның барлығын Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Абай аманаты» атты мақаласында айт­қан болатын. Елбасы халқымыз үшін Абай біздің айнымас темірқазығымыз болғанын, болып та қала беретінін бір­неше мәрте айрықша атап өтті, – деді «Астана Опера» театрының директоры, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Ал костюм суретшісінің айтуынша, айтулы ауқымды спектакльге арналып 200-ден астам костюм тігіліпті. Оларды дайындау кезінде табиғи жібектен бас­тап перделік маталарға дейінгі түрлі материал пайдаланылды. Костюмдер бойын­ша суретші олармен жұмыс жасау кезінде арнайы әдебиеттерге, сондай-ақ кітапханалар мен мұражайлардан тапқан тарихи фотолардың көшірмелеріне сү­йенді. Бір қуанарлығы, өзіміз қойылым барысында куә болғандай, италиялық сахна маманы Франко Скуарчапино қазақ мәдениетінің тереңіне бойлау арқылы ұлттық киімнің барлық бөлшектерін сәтті айшықтай алды, аяқ-киімдердің, бас киімдердің бедерлі оюларына, безен­дірілген әшекейлерге ерекше назар аудара білді. Әр костюмге матаның аса зор талғампаздықпен арнайы таңдалуы және ою-өрнек һәм түс үйлесімінен-ақ білікті кәсіби маманның жұмысы екендігін бір­ден аңғаруға болады.

«Астана Опера» театрында Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған спек­такльдің премьерасы 2015 жылғы 25 қыркүйекте өтті. Қойылымның му­зыка­лық жетекшісі – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Алан Бөрібаев, қоюшы режиссері – Джанкарло дель Монако (Италия). Кеңесші-режиссер – Қазақстанның Халық әртісі Есмұқан Обаев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшы режиссердің ассистенті – Ерен­бақ Тойкенов. «Астана Опера» теат­ры­ның шығармашылық ұжымы 2018 жы­лы «Абай» операсының қойылымы үшін Әдебиет және өнер саласындағы Қазақ­стан Республикасының Мемле­кеттік сыйлы­ғын алды.

1

Театр басшылығы мәлім еткен­дей, сегізінші театр маусымында түр­лі ба­ғыттағы көрмелер жиі ұйым­дас­тырылады. Яғни театр әкімшілігінің экс­позиция­ны тұрақты түрде өткізіп тұру жоспары бар. Мәселен, келесі ұйым­дастырылатын көрме Майра Мұха­медқызының шығар­машылығына арналатын болады және айтулы шара опера жұлдызының жеке кон­цертінің аясында өтеді. Демек, бұл тамаша дәс­түр алдағы уақытта да жалғасын табады деген сөз. Ендігі ұсынылатын көр­мелер мазмұны негізінен операның, ба­леттің жетекші солистерінің және бар­лық шығармашылық ұжымның жетіс­тіктеріне арналып, олардың спектакльдері кезінде ұсынылатын болады.

Бөлісу:
«Абай» операсының кейіпкерлеріне арналады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар