Аймақтар
2 мин оқу 540

Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел бес жылдан кейін түрмеге түсті

Екі баласы бар әйел бес жыл бұрын жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған екен. Жақында ол әйелдер түрмесіне қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел бес жылдан кейін түрмеге түсті

"Бұл әйел 2015 жылғы қыркүйекте кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) айыпты деп танылды.

Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда сот оның кішкентай балалаларын ескеріп, жаза өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырған болатын", дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Даулетбаева.

Оның айтуынша, биыл сотталған азаматшаның жазасын өтеу мерзімінің шегерілген уақыты аяқталды. Осыған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының жазасына қатысты шешім қабылдау үшін №2 қалалық сотқа ұсыным жолдады. Сот шешімімен азаматша УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы туыстарының қамқорлығына берілді.

Бөлісу:
Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел бес жылдан кейін түрмеге түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар