Аймақтар
3 мин оқу 233

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықты құрықтады

СҚО полицейлері "Hi-Tech" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полицейлері  интернет-алаяқтықты құрықтады

Петропавлдық бір әйел полицияға ірі банктердің бірі өзіне ресімдемеген несие бойынша 100 мың теңге көлеміндегі төлемді талап етіп жатқаны туралы арызбен шыққан. Криминалдық полиция қызметкерлері әйелдің құжаттары мен банк картасын пайдалану мүмкіндігі бар оның 22 жасар ұлын ұстады. Баласы анасын алдап, оның 100 мың теңге ақшасын жымқырмақ болған...

"Hi-Tech" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – интернет арқылы жасалатын қылмыстармен күресу. Соның нәтижесінде киберқылмыстарды ашу жөніндегі мамандандырылған жедел-тергеу тобының жұмысы күшейтілді. Осының арқасында бұрын жасалған алты интернет-алаяқтық ашылды. Үш күдіктіні ұстау үшін криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Екібастұз жәнеПавлодар қалаларына барды. Белгілі бір қаражатсомасына қажетті құжаттарды жылдам алуғакөмектесетіні туралы хабарландыру орналастырғанелорда тұрғыны ұсталды. Мәселені оңай жолменшешпекші болған ол петропавлдық жігіттен 77 мың теңгені қақшып кеткен. Ашықауыз петропавлдық мәселесін шешемін деген алаяққа 77 мың теңгені аудара салған. Ақшаны қолына түсірген соң "қызмет көрсетуші" зым-зия болып, тұтқаны көтермей қойған. "Соңғы кезде виртуалды алаяқтар түрлі әдістерді пайдаланады. Олардың барлық мақсаты – адамдардың жеке мәліметтерімен банк деректемелеріне қол жеткізу. Қолға түскен ақпарат арқылы қаскөйлер жәбірленушілердің атына несие ресімдейді. Сондай-ақ, түрлі "қызметтер" ұсынып, жәбірленушінің ақшасын алдап алып кетеді. Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде жұмысқа орналасуға көмек көрсетемін деп алаяқтар медициналық анықтаманы жылдам ресімдеуге ақша сұраған, сонымен бірге банк картасының деректемелерін алдап қолға түсірген. Осындай үш факті анықталды", деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Сонымен бірге жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде СҚО полицейлері тауарларды сату туралы 2 жалған хабарландыруды анықтады. Құқыққа қайшы контентпен 30-дан астам ресурс анықталып, сілтемелері құзыретті органдарға бұғаттау үшін жіберілді. Әлеуметтік желілерде тәртіп сақшылары Интернетте күмәнді келісім жасаудан аулақ болу, жеке және қаржы мәліметтерін, құпия сөздерді ешкімге бермеу, ақшаны жіберуге қатысты кез-келген мәліметті егжей-тегжейлі тексеру сияқты кеңестері бар жадынамаларды орналастырды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
СҚО полицейлері интернет-алаяқтықты құрықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар