Аймақтар
1 мин оқу 250

Ақтауда жүргізуші жол апатынан қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ақтауда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда түнгі сағат 01:20-да 21-шағынауданында болған.

"Toyota Camry жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бағанаға соғылған. Салдарынан көлік жарылған. Жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері барды", делінген хабарламада.

Бұл факт Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелген.

Бөлісу:
Ақтауда жүргізуші жол апатынан қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар