Саясат
2 мин оқу 131

Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған &laquo;Халық үніне құлақ асатын мемлекет&raquo; тұжырымдамасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.</p>

Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысымен танысты

Агенттік төрағасының жұ­мыс сапары Екібастұз қаласынан басталды. Онда ол «Павлодар облысы бойынша Азаматтар­ға арналған үкімет» МК» КеАҚ фи­лиалының бөлімдеріне, қала­лық сервис­тік әкімдікке, сондай-ақ Мем­лекеттік кірістер басқармасына барды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, облыс әкімі Ә.Сқақов­­пен бірге Қалқаман кенті­нің «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесіне барды. Бұл мекеме әлеуметтік мәселелер бо­йын­ша 8 мемлекеттік қызмет көрсе­тетін Павлодар облы­сын­­дағы алғашқы ауылдық фронт-кеңсе. Тәжірибе көрсе­тіп отырғандай, бұл фронт-кең­селер азамат­тарға қолайлы жағ­дайда мем­ле­кеттік қыз­меттерді жедел және сапалы көрсетуге мүмкін­дік береді. Осыған орай, облыстың мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерінде осындай орталықтар ашу жос­парланып отыр.

Одан әрі Агенттік төрағасы Ақсу қаласы әкімдігінің «Open Aksu» жұмыс барысымен та­ныс­ты. Айта кету керек, атал­ған орталықта 83 мемлекет­тік қызмет көрсетіледі, оның 93,8%-ы электронды түрде. Биыл­ғы жылдың басынан бас­тап әкімдікке мемлекеттік қыз­меттер бойынша кеңес алуға 3 мыңнан астам азамат жүгінді.

А.Шпекбаев Екібастұз, Ақсу қалаларында және Қалқаман кентінде болып, тұтынушыға бағдарлану, ашықтық және ашықтық қағидаттарына негіз­делген мемлекеттік меке­ме­лерді трансформациялау бо­йынша жүргізіліп жатқан жұ­мысқа оң бағасын берді.

«Мен барлық жерде стан­дарттың бірдей екеніне және азаматтарға жағдай жасал­ғанына көз жеткіздім. Сапалы мемлекеттік қызметтер – тұр­мыстық жемқорлықты жою­дың кепілі. Оларды алу үшін қолайлы жағдай жасау – мем­лекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру тұрғысынан бірін­­ші кезектегі міндет», деп атап өтті Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет басшысы.

Жұмыс сапарының екінші күні Агенттік төрағасы цифр­ландыруды белсенді енгізіп жатқан бірқатар әлеуметтік және білім беру ұйымдарына барады. Сондай-ақ ол облыс әкімі Ә. Сқақовпен бірге жұрт­шылықпен кездесуге қатысып, азаматтарды қабылдайды.

Бөлісу:
Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар