Оқиға
1 мин оқу 253

Нұр-Сұлтанда коттедж өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында 2 қабатты коттедж отқа оранды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының Темірқазық көшесі бойындағы 2 қабатты коттедж пен оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс нысанының өртеніп жатқаны туралы ақпарат "101" пультіне сағат 11-40-та түскен.

"Сағат 11-47-де өрт орнына Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникасы жетті. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге 19 маман мен 4 техника жұмылдырылған", деді Талғат Уәли.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда коттедж өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар