Атыраудың тұрғыны 5 келіден астам есірткімен ұсталды
<p style="text-align: justify;">Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 28 жастағы тұрғынды 5 келіден астам есірткімен ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Күдіктінің Зарослый елді мекеніндегі үйінен екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келі 30 грамды құрады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өңір полицейлері 1 маусымнан бері заңсыз айналымнан 20 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.