Қазақстан
1 мин оқу 203

Алматы Ботаника бағында БҰҰ 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясы салынды

<p style="text-align: justify;">"Бейбітшілік аллеясы" экологиялық жобасы аясында ағаш отырғызу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы Ботаника бағында БҰҰ 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясы салынды

Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығына арналған іс-шараға Алматыда аккредиттелген дипкорпус және халықаралық ұйымдардың 40-тан астам өкілдері қатысты.

Лть
ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақовтың айтуынша, "Бейбітшілік аллеясының" құрылуына ҚР СІМ Өкілдігінің қолдауымен "Алматы Дипломатиялық Клубы" Қоғамдық Бірлестігі болды. Бастаманы іске асыруға Бас ботаника бағы басшылығының, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Жаһандық экологиялық қордың "Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа бейім және тұзданған ауыл шаруашылық өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды басқару" Өңірлік жобасы және жоба қатысушыларының белсенді қолдауы түрткі болды.

Алматының "Бейбітшілік аллеясы" 2030 жылға дейінгі БҰҰ Орнықты даму масқаттарын орындау міндеттеріне және тиісті экологиялық саясатқа сәйкес келетін мегаполистің қақ ортасында "Бейбітшілік қоғамдастығының" жайлы оазисін қалыптастыра отырып, мүдделері әртүрлі адамдарды тартатын жаңа орынға айналуы тиіс.

Бөлісу:
Алматы Ботаника бағында БҰҰ 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясы салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар