Әлем
1 мин оқу 3,490

Әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 46 млн-нан асты

<p style="text-align: justify;">Әлемде коронавирус инфекциясының жаңа түрін жұқтырғандар саны 46 миллион&nbsp;адамнан асып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 46 млн-нан асты

1 қарашада Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше әлем бойынша барлығы 46 015 562 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

Пандемия құрбандарының саны 1 194 906 адамға жетті. Сондай-ақ 30,7 млн адам қауіпті вирустан емделіп шықты.

COVID-19 вирусынан ең көп зардап шеккен ел АҚШ болып отыр. Бұл елде 9 402 590 адам инфекция жұқтырған. Екінші орында 8 184 082 тұрғыны вирус жұқтырған Үндістан тұр. Ал Бразилия үшінші орында тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, бұл елде 5 535 605 адам қауіпті инфекция жұқтырған.

Жалпы, өткен тәулікте әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа рекордтық көрсеткіші тіркелді, яғни бір күнде 535 928 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ал бүгін 505 756 жағдай тіркелді.

Бөлісу:
Әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 46 млн-нан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар