Білім
1 мин оқу 433

Білімге ұмтылған бесеу

<p style="text-align: justify;">Білім алуға ұмтылған оқу&shy;шы&shy;лар&shy;ды қолдаушылар көп. Солар&shy;дың қа&shy;тарында халық&shy;аралық &laquo;MINIBOSS&raquo; биз&shy;нес-мектебі де бар. Жа&shy;қында Аты&shy;&shy;раудағы Назарбаев зият&shy;&shy;керлік мек&shy;тебінің бес оқу&shy;шысы аталған мек&shy;тептің білім грантына ие болды.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Білімге ұмтылған бесеу

Кәсіпкерліктің әліппесін тереңірек танытуды мақсат еткен оқу орнында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бір жыл тегін білім алады. Дарынды балалардың бизнес-жобасын дайындауға Қазақстан мен Ұлыбританияның осы саладағы жетекші мамандары қолдау көрсетуді көздеп отыр.

– Соңғы үш жыл бойы «MINI­BOSS» Қазақстандағы жастардың кә­сіпкерлік әлеуетін арттыруды қолға алды. Ал Атырауда биыл жұмы­сын бастаған мектеп өңірдегі жас өнер­тапқыштардың бастамасын қолдауға ниет білдірді. Халықаралық бизнес-мектептің қолдауына алғашқылардың қатарында ие болған Назарбаев зият­керлік мектебінің бес оқушысы – білім ұясындағы конкурстарда көзге түскен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының балалары, – дейді бизнес-мектептің директоры Лилиана Хегай.

Оның айтуынша, аталған оқу орнын Еуропалық бизнесті дамыту қауымдастығы қар­жыландырады. Қа­зір зияткерлік мектеп­тің бес оқу­шысына 7500 еуро көлеміндегі білім гранты бөлінді. Оқушылар теориялық білімді түрлі ойындар, тәжірибелер негізінде меңгереді. Кейін өздерінің жобасын инвесторлар алдында қорғайды. Оқушы­лар ұсынған идея сәтті болса, кейін ұлттық чем­­пионатта бақ сынайды. Сондай-ақ жо­баны әрі қарай қаржыландыру жолы қарас­тырылатыны белгілі болды.

– Мақсатымыз – әлемнің 15 елінен биз­нестегі жастардың бас қосатын ақтық са­йысына жолдама алу. Оған қатысу үшін тынымсыз еңбектену керек. Қазір оқу­шы­лар өз жобасын дайындауды бастады, – дейді халық­аралық «MINIBOSS» бизнес-мек­тебінің директоры Лилиана Хегай.

Атырау облысы

Бөлісу:
Білімге ұмтылған бесеу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар