Медицина
2 мин оқу 690

Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енді. Бұл туралы &laquo;Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры&raquo; КеАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.</p>

Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі

Жасанды ұрықтандыру – ұр­пақ өрбітудің әлемде кең тарал­ған әрі ең заманауи тәсілдерінің бі­рі. Дүние жүзінде 40 жылдан бе­рі пайдаланылып келе жатқан бұл әдіс Қазақстанда 1996 жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Бүгінде еліміз бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілімен 22 мың бала дүниеге келді. Алды бүгінде ата-ана атанып та үлгерді. Ал бедеулікке бай­ланысты тіркеуде тұрған әйел­дер саны 9 мыңнан асады. 

Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне енгізіліпті. Ал жыл басынан бері енгізілген МӘМС пакеті көп­шіліктің қалтасы көтере бермейтін бұл қызметтің қол­жетім­ділігін арт­тырып отыр.

«2020 жылы Алматы қаласы бойынша ЭКО процедураларына 527,3 млн теңге бөлінген. Оған 615 ұрықтандыру бағдарламасы жа­салуы тиіс. Бүгінге дейін 259 әйел аталған бағдарламаға қаты­сып үлгерді», дейді филиал басшысы.

Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 5 медицина ұйымы қатысып жатыр. Олардың бәрі де Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Атап айтқанда «Private clinic» ЖШС, «Акушерлік, ги­не­­ко­логия және перинатоло­гия ғылы­ми орталығы» АҚ, «PERSONA» ЖШС, «Экомед» фир­­масы» ЖШС, «ЭКО» орта­лығы» ЖШС.

«Экстракорпоральды ұрық­тандыру әдісі – әлемде белең алып жатқан бедеулік проблемасына қарсы күрестің ең тиімді тәсілдердің бірі. Ол әйелдер мен ерлерде кездесетін бедеуліктің кез келген түрін жеңіп шығуға мүм­кіндік береді. Заманауи репро­дуктивтік технологиялар бала сүюден күдер үзген адам­дарға үміт сыйлайтын кездері аз емес», дейді дәрігер акушер-гине­колог, репродуктолог Анас­тасия Рыбина.

Оның айтуынша, осындай жандардың бірі квота кезегін 2 жыл күткен. Оған дейін бірнеше рет жасалған ұрықтандыру бағ­дар­ламасынан нәтиже шық­пап­ты. Осы бағдарлама арқылы бойына бала біткен келіншек бүгінде ана болуға дайындалып жатыр.

Еске сала кетсек, квота бо­йын­ша ЭКО бағдарламасына қаты­су үшін тіркелген емхана ар­қылы арнайы есепке тұру қажет. Тиісті көрсетілімдер болған жағ­дай­да дәрігерлер квотаға кезекке қояды.

Бөлісу:
Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар