Парламент
1 мин оқу 304

Парламенттік сайлауға байқаушы болды

<p style="text-align: justify;">Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Грузиядағы парламенттік сайлауды байқауға қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.</p>

Парламенттік сайлауға байқаушы болды

31 қазанда Грузияда парламенттік сайлау болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы миссиясының байқаушы­лар құрамында сайлау барысын бақы­лады.

ЕҚЫҰ ПА атынан халықаралық байқаушылар тобы парламенттік сайлауға үміткерлер ұсынған саяси партиялардың өкілдерімен кездесті.

Ал дауыс беретін күні халықаралық байқаушылар сайлау барысына мониторинг жүргізді. Қазақстандық парламентші Ғ.Дүйсембаев сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Демократиялық инсти­туттар және адам құқықтары жөнін­дегі бюросы миссиясының брифин­гінде медиа-панельдік пікірта­ласқа қатысушы болды.

Бөлісу:
Парламенттік сайлауға байқаушы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар