Әлем
1 мин оқу 400
Ыстықкөлде 3,5 баллдық жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">Ыстықкөлде 3,5 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Қырғызстанда Ыстықкөл облысының аумағында 2 қараша күні сағат 00:05 шамасында 3,5 баллдық күшпен жер сілкінісі болды.
Елдің ҰҒА сейсмология институтының хабарлауынша, дүмпулер Жетісу ауданының Саруу, Қызыл-Суу, Жалғыз-Өрік, Дархан ауылдарында 2,5 балл болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: