Нью-Йоркке келушілер 3 күндік карантинде болады
<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Нью-Йорк штатына келушілер енді тек 3 күн оқшауланатын болды. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұған дейін Нью-Йоркке келушілер 14 күнге оқшауланатын. Енді жергілікті билік АҚШ-тың басқа аймақтарынан штатқа кіретін адамдар үшін екі апталық карантинді алып тастап отыр. Жаңа ережелерге сәйкес, келгендердің барлығы үш күндік оқшауланудан өтіп, содан кейін COVID-19 тестін тапсыруы керек. Егер нәтиже теріс болса, ол карантиннен шығарылады. Ал тестілеуден өтуден бас тартқандар үшін оқшаулану мерзімі 2 аптаға созылады.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 миллионнан асты. Індеттен 230 мыңнан астам науқас қайтыс болды.