БҚО-да үш жасар баладан вирус табылып, балабақша жабылды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында үш жасар баладан коронавирус инфекциясы анықталып, балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе ауданында балабақшаға барып жүрген 3 жасар балаға жоспарлы ота алдында өткізілген медициналық тексеріс кезінде COVID-19 анықталған.
Үйінде және балабақшада байланыста болған адамдардан сынама алынып жатыр. Аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес балабақша карантинге жабылды. Балабақшада қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Сондай-ақ облыста індеттің күн санап өскені байқалады.
Айта кетейік, соңғы тәулікте 13 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы саны 7 037-ге жетті.