Аймақтар
1 мин оқу 610

Қарақияда мүгедектер спорт клубына қолдау көрсетілді

<p style="text-align: justify;">Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында орналасқан "Жігер" мүгедектер спорт клубына "Оғланды-Бекет ата" қоры қолдау көрсетіп, фитнес орталыққа спорттық құрал жабдықтар табыстады. Бұл туралы&nbsp; Қарақия аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті.</p>

Қарақияда мүгедектер спорт клубына қолдау көрсетілді

"Оның ішінде 1 дана кешенді жаттығу құралы, 1 дана қолға арналған жаттығу құралы, 2 дана аяқты жыттықтыру құралы, 3 дана жаттығу велосипеді,  3 дана аяққа арналған степр, үстел теннисіне арналған құрал жабдықтар, спорттық киімдер секілді спорттық құралдар берілді", деді Дүйсенбай Атағараев.

Қарақия аудандық мәдениет және спорт бөлімі осы істің басы-қасында жүріп, демеушілік көрсеткен «Оғланды-Бекет ата» қорының директоры Тұрғанбай Сәулеұлы қажыға өз алғыстарын жеткізді.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Қарақияда мүгедектер спорт клубына қолдау көрсетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар