Оқиға
1 мин оқу 303

Жастарға жарқыраған жарасады

<p style="text-align: justify;">Биылғы еріктілер жылы аясында &laquo;Республика &ndash; Аймақ &ndash; Даму&raquo; қоғамдық қоры ұйымдастырған &laquo;Жас Өркен&raquo; республикалық сыйлығы байқауының лауреаттары марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықтық дауыс беру арқылы анықталған болатын.</p>

Жастарға жарқыраған жарасады

Осы салтанатқа арналған марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жеңімпаздарға жүл­делерін табыс етті.

Байқауда 300-ден астам үміт­­кер бақ сынады. Дауыс бе­ру­­дің бірінші кезеңіне қатысу мүмкіндігіне 126 жас ие болса, шешуші кезеңге 56 үміткер өтті.

Халықтық дауыс беру қоры­тындысына сәйкес, «Жас дарын» аталымы бойынша Мәди Пазыл мен «Жас қалам» номинация­сында үздік шыққан Ақтоты Әбді­қахарова бас жүлдеге ие бол­ды. Жеңімпаздардың екеуі де Қара­ғанды облысынан.

– Жастар үшін XXI ғасыр бі­лімге, мәдени байлыққа, инновациялар мен өз бетінше білім алуға ұмтылатын заман. Біз бә­секеге қабілетті болуға және өз елімізге пайдамызды тигізуге мін­деттіміз, – дейді Гран-при ие­гері, Жаңаарқа ауданындағы Б.Амал­беков атындағы орта мек­тептің оқушысы Мәди Пазыл.

Сонымен қатар Саят Абдолла («Жас блогер»), Бағлан Жаркенов («Үздік ерікті»), Самат Жүсіпов («Үз­дік ІТ-идея») және Мәдина Қай­ролла («Жас қалам») сынды жас өрен­дер байқаудың лауреаттары атан­ды.

 

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Жастарға жарқыраған жарасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар