Спорт
1 мин оқу 150

Қарсыластарын тізе бүктірді

<p style="text-align: justify;">Атырауда Suleimen Promotions ком&shy;паниясының ұйымдастыруымен өткен кәсіпқой бокс кешінде әуесқой бокс&shy;тан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бекзат Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын жеңді.</p>

Қарсыластарын тізе бүктірді

Бокс кешінің шымылдығын 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен 28 жастағы танзаниялық Ибрагим Маокола ашып берді. Кәсіпқой бокста 24 жекпе-жек өткізген Маокола оның 14-інде жеңіске жетіп, тоғызында қарсыласына жол берген. Бір кездесуінде тең түскен. Аса тәжірибелі бокс­шы деп саналған танзаниялық 22 жастағы отандасымызға тек екі раундқа шыдап берді. Нұрдәулетов екі раундта да қарсыласын бір реттен нокдаунға түсіріп, екінші раундтың соңында ауыр соққысымен сұлатып салды.

Сондай-ақ осы бокс кешінде бақ сынаған әлем чемпионатының екі дүркін қола жүл­дегері Абылайхан Жүсіпов алты раун­д қорытындысы бойынша танзаниялық Ме­шак Мвакенваны тізе бүктірді. Айта кетелік, Токио Олимпиадасына дайындалу мақсатында бапкерлер Жүсіпов пен Нұрдәулетовтің кәсіби бокста бақ сынауына мүмкіндік берген болатын.

Бөлісу:
Қарсыластарын тізе бүктірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар