Спорт
1 мин оқу 144
Халықаралық турнирде бақ сынады
<p style="text-align: justify;">29 қазан мен 1 қараша аралығында Минскідегі (Беларусь) «Олимпик Аре­нада» мәнерлеп сырғанаудан халық­аралық Ice Star 2020 турнирі өтті. Аталған сында қазақстандық София Фарафонова да қатысты, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Жарыс қорытындысы бойынша, Фарофонова төртінші орын иеленді. Ол жасөспірімдер санатында сынға түскен болатын. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшы 115,74 ұпай жинады. Турнирде Беларусь өкілі Варвара Кисель топ жарды. Екінші және үшінші орынды оның отандастары Милана Рамашова мен Лизавета Балоникова иеленген.
Бөлісу: