Аймақтар
1 мин оқу 160

Ақтауда жаңа модульдік стационар өз жұмысын бастады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасының "В" блогында ем қабылдап жатқан 24 науқас Ақтаудағы жаңа модульдік стационарға ауыстырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бұдан былай Covid-19 және пневмония диагнозы қойылған науқастар осында ем-дом қабылдайтын болады. Инфекциялық бөлімшеде заманауи жасанды тыныс алу аппараттары, оттегі стансасы, биофильтрмен ағынды-сорғылы желдету жүйесі, арнайы көліктерді өңдеу және зарарсыздандыру стансасы бар.

Ақ халаттылар тұрғындарды әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және бетперде тағып жүруді естен шығармауға шақырады. Қазір жағдай тұрақты болғанымен, санитарлық-эпидемиялық ахуал бір сәтте тұрақсыз болып кетуі ғажап емес.

Еске сала кетейік, жаңа модульдік стационар 200 науқасқа шақталған. Бұған дейін кадрлық резерв және мамандардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған болатын.

Бөлісу:
Ақтауда жаңа модульдік стационар өз жұмысын бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар