Аймақтар
1 мин оқу 170

Шығыста 32 өлім тіркелген

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа түсті, деп хабарлайды<a href="https://egemen.kz/"> Egemen.kz</a></p>

Шығыста 32 өлім тіркелген

Өңірде бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 226 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында бір апта ішінде короновирус салдарынан қайтыс болғандар көбейді. 26 қазан мен 1 қараша аралығында COVID-19 вирусынан 32 өлім тіркелген.

- Құрметті шығысқазақстандықтар! Өздеріңіз білетіндей, әлемнің көптеген елдерінде қатаң локдаундар енгізілген. Испанияда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілді, шектеулерді 2021 жылдың мамырына дейін ұзарту жоспарлануда. Ирландияда 6 қазаннан бастап қайта локдаун енгізілді. Үйлеріңізден бес шақырымнан астам қашықтыққа кетуге тыйым салынады. Барлық дерлік кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Германияда қайта карантин енгізілді. Қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану нысандары жабылды, - деп мысалдар келтірді ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.

-  Біздің облыста қатаң шектеулер болмады. Кәсіпорындарды жауып, коменданттық сағат енгізбейміз. Өңірдегі қазіргі шектеу шаралары тұрғындардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған, деді Талғат Тұңғышбаев. 

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Шығыста 32 өлім тіркелген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар