Аймақтар
1 мин оқу 727

Ойыншық тапаншамен қорқытқан тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">30 қазан күні кешке Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 25 жастағы тұрғын арызданған. Ол &nbsp;&nbsp;қалалық аурухана алдында бір жас жігіт оны тапаншаға ұқсас затпен оны қорқытып, автокөлігіне мінгісі келгенін хабарлапты.</p>

Ойыншық тапаншамен қорқытқан тұрғын ұсталды

Оқиға орнына жедел тергеу тобы тез арада жетіп,  жәбірленушіден өзін қорқытқан жігіттің бет-әлпетінің сипаттамасын алып, полиция экипаждарына бағыт-бағдар береді.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде көп ұзамай 29 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды.  Одан айғақты зат ретінде ойыншық  тапанша тәркіленді.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  115-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  

Бөлісу:
Ойыншық тапаншамен қорқытқан тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар