Өнер
2 мин оқу 985

Табиғатты аялауға шақырды

<p style="text-align: justify;">Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында &laquo;Бұл ғажайып әрі нәзік әлем&raquo; атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараны &laquo;Stop Musor&raquo; әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.</p>

Табиғатты аялауға шақырды

Қоршаған ортаға төнген қатерді айқын көрсету арқылы адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды көздеген жоба «Таза болса табиғат, таза болар адамзат» ұранын алға ұс­таған. Белгілі отандық суретшілер Нел­ли Бубэ, Мұхит және Руслан Ақа­наевтар, Сәуле Сүлейменова, Жә­милә Такен, Шаттық Батан, Алмас Нұр­ғожаев, Нұрболат Асқар, Камила Бая­нова, Равиль Нарегеев, Темірәлі Нә­жі­меденовтердің қаламынан туған шы­ғармалар тақырыпты аша түскен. Суреттер сериясы 30-дан астам туындыдан тұрады, оған әртүрлі тәсілдерді ұштастырып, қолданыста болған қай­талама материалдардан жасалған жұ­мыстар кірген.

– Көрме аясында қала тұрғындары мен қонақтары біздің шеберлердің картиналары арқылы Қазақстанның көрікті табиғатын тамашалай алады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау өткір мәселе екеніне назар аудара­ды. Әртүрлі көркемдік техниканы қол­дана отырып, қайталама материалдардан жасалған жұмыстардың бол­ғаны қуантады. Бұл шығармашыл жастар үшін үлкен өнеге. Көрмеге сәт­тілік тілеймін және жұмысты үй­ден шықпай-ақ экспозицияны онлайн та­машалай алатынын айтқым келе­ді, – дейді «Қазақстанның экология­лық ұйымдарының қауым­дастығы» ЗТБ Президиумының Төр­айымы Әлия Назарбаева.

Тұжырымдамаға сәйкес көрме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ав­торлардың шығармашылық мін­дет­терін айқындап тұрғандай. Мұнда елі­міздің тұмса табиғатын көрсететін көркем туындылар қамтыл­ған. Экс­по­­зицияның екінші бөлі­мі қор­ша­ған ортаны ластанудан қор­ғау қа­жетті­лігі туралы сұрақ­тар ту­­ғы­зады. Көр­ме айналаға ұқып­ты­­­­лық­пен қарауға, сондай-ақ қайта­ла­ма шикізатты қайта өңдеуге бейстан­дарт­тық, шы­ғармашылық тұрғыдан келуге ша­қырады.

789

«Жалпы, көптеген тұтынушы қо­қыс­ты дұрыс тастаса да, қорша­ған орта тым көп мөлшердегі қалдық­тар­мен ластануда. Өкінішке қарай, адам­дар қалдықтардың мөлшері мен құрамы, ыдырау қабілеті туралы қа­те түсініктерге байланысты қо­қыс мәселесін жауапкершілікпен қабыл­дамайды. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен бірге біз бұл мәселені кешенді тәсілде, со­ның ішінде хабардарлықты артты­ру шараларын қолдана отырып ше­ше­міз. «StopMusor» жобасы аясында атқа­рылып жатқан барлық белсенділік қо­ғам назарын қоқысты дұрыс кәдеге жа­ратуға аударады деп үміттенемін. Со­ның ішінде қоқысты пайдаланумен орындалған өнер туындыларына ар­налған бүгінгі көрме де бар», – деп атап өтті Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Филип Мор­рис Интер­нэшнл компаниясының директоры Хуан Карлос Эскобар.

7897897

Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаевтың пікі­рінше, «StopMusor» сияқты әлеуметтік жобаларға өнер өкілдерін тарту өте маңызды. Көрме көпшілікке елде және әлемде бар экологиялық мәселелер туралы ақпараттық түсінік береді. Мұндағы өнер – зияткерлік және білім беру көпірі. Себебі келушілердің түй­сігі көрмеден кейін өзгеруі мүмкін.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Табиғатты аялауға шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар