Әдебиет
2 мин оқу 320

Жеті қаламгерге стипендия тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлесіп ұйымдас&shy;тырған &laquo;Әдебиет. Рух. Қоғам&raquo; атты іс-шарасы Ақтөбе қаласында өткізіліп, оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған, еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған бірқатар қаламгер қатысты.</p>

Жеті қаламгерге стипендия тағайындалды

Қаламгерлердің басқо­суында облыс әкімі сөз сөй­леп, ақын-жазушыларды құт­тықтады. Ақтөбе топы­рағы түлеткен талантты қалам­герлер туралы баяндап, олар­дың қа­зақ әдебиетіне қос­қан елеулі еңбектерінің ұмы­тылмайтынын атап өтті. Соның ішінде Нұрпейіс Байғанин, Тахауи Ахтанов, Қуан­дық Шаңғытбаев, Жиен­ғали Тілепбергенов, Сағи Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев, Тобық Жармағамбетов, Есен­бай Дүйсенбаев, Қажығали Мұ­қанбетқалиев сынды әде­биет­тің бір-бір биігі саналған қалам­герлерге ерекше тоқ­талды. Сон­дай-ақ аталмыш іс-ша­ра­ның елдің рухани дамуына, қазақ әдебиетінің өсіп-өркендей беруіне тың серпін беретінін де жеткізді.

Осы жерде айта кету керек, Ақтөбе облысы бас­шы­­лығы біраз жылдардан бері қаламгерлер мен өнер шеберлерінің шығар­машы­лығына жан-жақты қам­қорлық көрсетіп келеді. Мысалы, өт­кен жылы Ізтай Мәмбетов, Сағи Жиенбаев және Тобық Жар­мағамбетовтердің мерей­тойлары кең көлемде аталып өткен болатын. Оған қоса «Ақ­төбе кітапханасы» сериясымен 50 томдық кітап жарық көргені белгілі. Әдебиет әле­мінде өшпестей із қалдырған ақ­төбелік ақын-жазушылардың құрметіне жеті атаулы стипендия тағайындалған еді. Кешегі іс-шара барысында сол жеті стипендия өз ие­лерін тапты. Оған қоса келер жылы алты қаламгерге осындай атаулы стипендия тағайындалатыны хабарланды. Сонымен, ақтөбелік қаламгерлердің құрметіне әрқайсысы бір миллион теңге кө­леміндегі стипендиялар тө­мендегі ақын-жазушыларға берілді: Драматургия жанры бойынша Тахауи Ахтанов атындағы сыйлықты Серік Асылбекұлы, әдеби көркем аударма жанры бойынша Қуандық Шаңғытбаев атындағы сыйлықты Байбота Қошым-Ноғай, балладалар мен дастандар бойынша Сағи Жиенбаев атындағы сыйлықты Жанат Әскербекқызы, проза жанры бойынша Тобық Жармағамбетов атындағы сыйлықты Мархабат Байғұт, сатира жанры бойынша Үм­бет­бай Уайдин атындағы сыйлықты Қонысбай Әбіл, по­эзия жанры бойынша Тө­леген Айбергенов атындағы сыйлықты Олжас Қасым және балаларға арналған шы­ғар­малар бойынша Ізтай Мәм­бетов атындағы сыйлықты Ертай Ашықбаев еншіледі.

Қазақстан Жазушылар ода­ғы басқармасының басшы­сы Ұлықбек Есдәулет бас­тап келген арнайы қонақтар облыс әкіміне өңірдің шығар­машылық зиялы қауым өкілде­ріне көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс айтты. Облыс әкімі О.Оразалин кездесу соңында қаламгерлерге сан-салалы қол­дау көрсетуді жалғастыра бе­ретіндіктерін жеткізді.

Бөлісу: