Омбыда үшінші онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады
<p style="text-align: justify;">3 қараша күні «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен «Мөлдір» Сібір қазақ мәдени орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы онлайн қазақ сыныбының ашылу салтанаты өткізді, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Оған «Отандастар қоры» КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, Шетелдегі қандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарипов, «Мөлдір» қоғамдық ұйымының төрайымы Алтынай Жунусова және Омбы қаласындағы қандастар қатысты. Онлайн сынып Спартаковская көшесі, 3 мекен-жайы бойынша орналасқан. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ сыныбы» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асырылуда.