Әлем
1 мин оқу 400
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 114-ке жетті
<p style="text-align: justify;">Түркияның батысындағы 6,6 баллдық жер сілкінісі құрбандарының саны 114 адамға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметіне сәйкес, 30 қазандағы жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияның батысында 1713 соққы тіркелді.
Зардап шеккен 1035 адамның 898-і ауруханалардан шығарылды, Измирдің 137 тұрғыны ем қабылдауды жалғастыруда. Іздеу-құтқару жұмыстары қираған 17 тұрғын үйдің 15-інде аяқталды.
Бөлісу: