Аймақтар
1 мин оқу 145

Алматы облысында пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында биылғы жылы 12,9 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 17 нысаны салынуда, 7 нысанның күрделі жөндеуіне &nbsp;3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"COVID-19 індеті денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сын болды, қабылданған шараларға қарамастан кадр жетіспеушілігі, құрал-жабдықтар жеткіліксіздігі әлі бар. Сондықтан жалпы пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді, соның 8,8 млрд теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылды", - деп атап өтті А. Баталов.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды. Ол барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылды. Ал материалдық қолдау көрсету шеңберінде 5362 медицина қызметкеріне 4,7 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді, 1123 медицина маманына жергілікті бюджеттен 137 млн теңге сыйақы берілген.

Бөлісу:
Алматы облысында пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар