СҚО тұрғыны 680 грамм марихуанамен ұсталды

СҚО Тайынша ауданы полиция бөлімінің кезекші қызметіне Киров ауылының санитарлық бекетінде Mercedes автомашинасы тоқтатылғанда онда өсімдік тектес кептірілген зат салынған пакет бары анықталғаны жеткізілген.

Мұның есірткілік зат екенін сезген бекеттегі қызметкерлер полиция бөліміне хабарлаған екен. Көлік жүргізуші Киров ауылының 50 жастағы тұрғыны пакетке салынған жабайы қарасораны тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот-химиялық сараптаманың нәтижесіне қарағанда пакеттегі зат - салмағы 680 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты.
Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуына қарағанда осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған адамға қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 398 келіден астам түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 349 келі марихуана тәркілеген.