Өнер
2 мин оқу 510

Жаңа ұлттық балет ұсынылмақ

<p style="text-align: justify;">Алдағы желтоқсанда ұлттық балеттің қазынасы тағы бір шығармамен толығады. Яғни композитор Тілес Қажығалиев музыкасын жазған &laquo;Дала үні&raquo; атты жаңа ұлттық балет хореограф Патрик де Бананың қойылымымен желтоқсанның 12-сі мен 13-інде көрермендерге ұсынылады.</p>

Жаңа ұлттық балет ұсынылмақ

Шығарманың қоюшы дирижері – Абзал Мұхитдин, либретто авторы – танымал қазақстандық кинорежиссер, сценарист, ақын Бақыт Қайырбеков, хореографиялық либретто адаптациясының авторы – Жан Франсуа Вазель.

– Біз бұл маусымда осымен екінші премьераны дайын­даудамыз, сондай-ақ жыл соңына дейін жаңа толық ауқымды опералық спектакль қою жоспарымызда бар. Қазіргі жағдайға сәйкес театр­дың қарқыны жаман емес деп есептеймін. «Дала үні» ұлттық балеті – бұл қазақ­­стандық және шетелдік шебер мамандардың тың ой­ларының тандемі. Әдетте, пі­кір­лестер жиналған жерде шығармашылық туындайды, ал біз орасан зор ойларды өмірге әкеліп жүрген жоғары деңгейлі кәсіпқойларды таң­­дап алдық деген ойдамын. Залдарда дайындық жұ­мыс­тары басталып кетті, труп­па толықтай жұмысқа кі­ріскен, театр цехтарында кос­тюмдер тігілуде, декорация­лар мен бутофориялар жасалуда. Премьера өте қызықты өте­тініне се­німдімін, – деп атап өтті Қа­зақстанның еңбек сі­ңі­рген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Шығарма барысында ер­жүрек сәулетшіге қанат бі­тірген армандары заманауи хореография тілімен жет­кізілетін болады.

– Бұл балеттің бірін­ші бөлімі ұлттық би эле­мент­те­рінен құралған дәс­түрлі болып келеді, ал екінші бөлімі стиль­ге бағындырылған әрі әсем қала өмірін көрсетеді. Ұлттық қимыл-қозғалыстар маған шабыт береді, мен оларды зерделеймін де, өз әлеміме енгіземін, кейін өзімнің ике­­міме сай сәл өзгертіп, бейім­деймін. Хореография жа­саған кезде мен үшін музыка әрдайым бірінші орында тұрады. Аталған спектакльде біз Т.Қажығалиевтің музыкасын пайдаландық, ол өте ың­ғайлы, себебі әуел баста балет­ке арнап жазылған – деді қоюшы хореограф Патрик де Бана.

Қойылым тобына асқақ өнер әлемінің хас шеберлері енген: Рикардо Санчес Куэр­да – декорациялар бойын­ша суретші, Стефани Бауэр­ле – костюмдер бойынша суретші, Карлос Пино-Кан­тана – композитор-әрлеуші, Джеймс Ангот – жарық бо­йынша суретші. Дариға Тай­шықова – костюмдер бойын­ша суретшінің кеңесшісі, Ұлтай Ерденбекова – жа­рық бойынша суретшінің ке­ңесшісі, Алина Үсенбаева – сценографияны басқарушы, Серік Басбаев, Зарина Аймұханова – грим бойынша суретшілер.

Бөлісу:
Жаңа ұлттық балет ұсынылмақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар