Хоккей
1 мин оқу 191

«Динамодан» басым түсті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген &laquo;Барыс&raquo; тұрақты біріншіліктің кезекті турында Риганың &laquo;Динамосын&raquo; қабылдады.</p>

«Динамодан» басым түсті

Нұр-Сұлтанда өткен бәсекеде «Барыс­тың» басымдығы еш күмән туғызған жоқ. Бірінші кезең шиеленісті өткенімен, екі команда біразға дейін бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Тек кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Линус Виделль есеп ашты. Бұл – 35 жастағы швециялық шабуылшының ҚХЛ-дағы 100-голы. Командалар үзілістен шыққан бетте айдын иелері екінші шайбаны қақпаға енгізді. Бұл жолы Виктор Сведбергтің оңтайлы пасынан кейін Кертис Волк нысананы дәл көздеді. Ойынның 25-минутында Мэтт Фрэт­тин жергілікті жанкүйерлерді тағы бір қуантты. Осылайша, бұл кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Енді өзінің алдағы үш кездесуін «Барыс» сыртта өткізеді. Атап айтсақ 8 қарашада Череповецте «Северстальмен» ойнайды. Ал 10 және 12 қараша күндері Ярославльдің «Локомотив» және Нижнекамскінің «Нефте­химигімен» күш сынасады.

Бөлісу:
«Динамодан» басым түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар