Алматыда арық жүйесін түгендеу аяқталды
<p style="text-align: justify;">Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төрағалық еткен аппараттық кеңесте арық желілерін түгендеу нәтижелері қаралды, оның қорытындысы бойынша арықтарды абаттандыру және жаңбыр суларын ағызу бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Арық желілерін түгендеу қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жағдайдың өзектілігі, бұрыннан бар арық желілері мен жауын кәріздерінің карта-сызбасын әзірлеу мақсатында жүргізілді. Сондай-ақ, жасыл желектерді сумен қамтамасыз етудің және жаңбыр суларын ағызудың кешенді шараларын әзірлеу міндеті қойылды.
Түгендеу нәтижесінде 1523 шақырымды құрайтын суармалы арықтардың жалпы ұзындығы белгіленді. Соның ішінде аудандық әкімдіктер еншісінде - 1138 шақырым, аулалардың аумағында - 245 шақырым, саябақ аймақтарында - 60 км. 424 шақырым арық желілері жөндеуді немесе қайта жөндеуді қажет етеді. Суару үшін 168 шақырым арық қолданылады.
Нысандардың төлқұжаттары бойынша геодеректер базасы жасалды, түгендеу карталарының кешені, сондай-ақ арық желілері ме жаңбыр кәріздерін абаттандыру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Алматының арық желілері өзінің маңызы бойынша көпсалалы және жасыл желектерді суаруға әрі жайлы микроаухал құруға арналған.