Білім
1 мин оқу 201

Қазталов мектептеріне – 1 100 ноутбук

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының Қазта&shy;лов ауданындағы мектептерінде оқушы&shy;лардың қашықтан оқуына көмек үшін 200 планшет, 150 компьютер берілген бо&shy;латын. Бұған қосымша жақында тағы 1 100 ноутбук жеткізілетін болды. Бұл &ndash; еліміздің Білім және ғылым министр&shy;лі&shy;гінің қолдауымен ауыл оқушы&shy;ла&shy;ры&shy;на көр&shy;сетіліп отырған жүйелі көмектің нәти&shy;жесі.</p>

Қазталов мектептеріне –  1 100 ноутбук

Қазталов ауданы әкі­мі Альберт Есә­лиев­тің айтуын­­­ша, бүгінде аудан аума­­­ғындағы 38 мектепте 5 306 оқу­шы білім алады. Биыл­дың өзінде ғана ауданға 46 жас мұғалім келген. «Каран­тин шектеулеріне сәйкес, 4 мектепте оқу қашықтан жүр­гізіл­уде. 34 мектеп оқытудың дәстүрлі фор­матына көшті. Аудан мектептерінің білім деңгейі жаман емес. Был­тыр­ғы оқу жылында мектеп бітірген 293 түлектің 102-сі жоғары оқу орындарының грантына ие болды. 28 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды», дейді А. Есәлиев.

Айта кетейік, ауданда ғимараты апат жағ­дайын­да деп танылған Алма Оразба­е­ва атын­дағы мектеп ғима­раты жаңадан салы­­нып жатыр. Бұйырса, келер жылы пай­далануға берілмек. Ал Болашақ ауы­лын­дағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жасау үшін 396 млн 874 мың теңге беріліп, игерілді.

Бөлісу:
Қазталов мектептеріне – 1 100 ноутбук · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар