Медицина
1 мин оқу 212

Жақсылық жауған күн

<p style="text-align: justify;">Бүгін Көкшетау қаласында ақ түйенің қарны жарылған сүйінішті оқиға орын алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі медициналық мекемелерге 8 жылжымалы медициналық кешен, облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясына 38 реанимобиль және ішкі істер саласы қызметкерлеріне 24 патруль, өрт сөндірушілердің саты орнатылған автокөліктерінің &nbsp;кілтін табыс етті. Көкшетаудың қоғамдық транспорты жаңа 16 автобуспен толықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жақсылық жауған күн

Карантиннің қатаң талаптарын сақтай отырып өткізілген шара барысында 6 медицина қызметкері мен 8 тәртіп сақшысы "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

– Бүгінгі таңда жаман тұмаудың екінші толқынына дайындық ыждаһатты жүргізілуде. Басты міндет инфекцияның таралуына жол бермей, алдын алу. Науқасқа шалдыққандарды емдеу. Осы орайда, өңірде жаңа заманғы медициналық нысандар салынып, ауруханалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, – деді әкім өз сөзінде.

1

Тағы бір айта қаларлық жағымды жаңалық – Көкшетауда коронавирусқа шалдыққан науқастар емделетін заманауи үлгідегі жұқпалы аурулар орталығы ашылды. Бұл орталық 200 кереуетке шақталған. Онда Германия мен Ресейден алынған жаңа жабдықтар орнатылған. 8 корпустан тұратын нысанда көліктерді дезинфекциялау пункті, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру орны, жан сақтау бөлімшесі, орталықтандырылған оттегі станциясы, жылу қазандығы бар. Бір айта кетерлігі, құрылыс жұмысы төрт айда аяқталған. Жобаның құны 7 млрд 185 млн теңге. Жалпы аумағы 4,4 гектарды құрайтын нысан құрылысына 620 адам тартылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ашылған дәл осындай орталық елімізде некен-саяқ. Сондай-ақ, бүгін облыстық көпбейінді аурухана магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды.

Бөлісу:
Жақсылық жауған күн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар