Аймақтар
1 мин оқу 564

Атыраулық жүргізуші көлігіне екі түрлі нөмір таққан

<p style="text-align: justify;">Бір көлікке екі түрлі нөмір тағуға бола ма? Атыраулық жүргізуші осындай әрекетімен ұсталды.</p>

Атыраулық жүргізуші көлігіне екі түрлі нөмір таққан

«Атырау қаласында патрульдік полицейлер «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Ресей Федерациясында тіркелген жеңіл көліктің алдыңғы жағына тағылған мемлекеттік белгінің әріптік символдары өзгертілгені анықталды. Көлік құралы арнаулы айып тұрағына  қойылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған жүргізушінің жасы 38-де екен. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз. Өйткені, полицейлер оның бұл әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Атыраулық жүргізуші көлігіне екі түрлі нөмір таққан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар