Аймақтар
1 мин оқу 146

Карантин сақтамаған 1 329 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Карантиндік талаптарды бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланымдарға қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде.<strong><br /></strong></p>

Ағымдағы жылдың 2-8 қарашасы аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фактісі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 83 340 теңге (30 АЕК), лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Бөлісу:
Карантин сақтамаған 1 329 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар