Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 360

GGG желтоқсанда жұдырықтасады

<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин польшалық Камил Шереметамен желтоқсан айында жұдырықтасатын болды. Бұл туралы танымал инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді.</p>

GGG желтоқсанда жұдырықтасады

Оның айтуынша, екі боксшының жекпе-жегі 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. Ал кездесуді DAZN тікелей эфирде көрсетпек. Сондай-ақ Коппинджер қазақстандық боксшы келесі жылдың көктемінде бұдан да маңызды жекпе-жек өткізетінін айтты.

«Геннадий Головкин 18 немесе 19 желтоқ­санда екі бірдей белдігін қорғайтын болады. Оның бұл жолғы қарсыласы – Камил Шеремета. Егер бұл айқаста Головкин атақтарын сәтті қорғаса, 2021 жыл­дың көктемінде титулды жек­пе-жек өткізеді», деп жазды Майк Коппинджер.

Айта кетейік, Головкин кәсіпқой шаршы алаңдағы ең кейінгі жекпе-жегін 2019 жылдың қазанында украиналық Сергей Дере­вянченкомен өткізіп, ұпай санымен басым түскен-ді. Дәл сол бокс кешінде өнер көрсеткен Шеремета мексикалық Оскар Кор­тесті нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу:
GGG желтоқсанда жұдырықтасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар