Аймақтар
1 мин оқу 685

Атырауда 27 жастағы тұрғын 136 келі бекіремен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері "Браконьер" жедел іс-шара кезінде 27 жастағы тұрғынды 41 дана бекіре тұқымдас балығымен ұстады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда 27 жастағы тұрғын 136 келі бекіремен ұсталды

"Жайық өзенінің Талғайраң ауылы тұсындағы жағасында балық қорына заңсыз қол сұққан  азаматтан тәркіленген бекіренің жалпы салмағы 136,7 келіні құрады. Күдікті Исатай ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабымен (Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда 27 жастағы тұрғын 136 келі бекіремен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар