Спорт
1 мин оқу 145

«Испания Вуэльтасы» аяқталды

<p style="text-align: justify;">Пиреней түбегінде мәресіне жеткен &laquo;Испания Вуэльтасы&raquo; көпкүндігінің соң&shy;ғы кезеңінде германиялық велоша&shy;бан&shy;доз Паскаль Аккерман жеңіске жетті.</p>

«Испания Вуэльтасы» аяқталды

Мадрид көшелерінде өткен соңғы жарыс күні жаппай спринтпен аяқталды. Мәре сызығын өзгелерден бірінші болып Bora-Hansgrohe командасының велошабандозы кесті. Екінші және үшінші орындарды ирландиялық Сэм Беннетт (Deceuninck-Quick-Step) пен германиялық Макс Кантер (Team Sunweb) иеленді. «Астананың» велошабандоздары арасында ең тәуір көрсеткішке Александр Власов қол жеткізді. Ол 29-сатыға табан тіреді.

Жалпы есептегі жағдай бойынша слове­ния­лық Примож Роглич (Jumbo-Visma) екі жыл қатарынан «Испания Вуэльтасының» жеңімпазы атанды. Эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) екінші, ұлы­британиялық Хью Карти (EF Pro Cycling) үшінші сатыға жайғасты. Ал қазақстандық команданың өкілі Александр Власов өзінің алғашқы Гранд-турын 11-орынмен түйіндеді.

Бөлісу:
«Испания Вуэльтасы» аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар