Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 190
Чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұр­сынбай Құлахмет 11 қарашада Ан­глияның Йоркшир қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетіп, жергілікті боксшы Мак­лей Макгоуэнмен жұдырық­тасады.</p>

Әуесқой бокста Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы екінші айқасында 15 кездесудің 14-інде жеңіске жетіп, біреуінде ғана тең түскен тәжірибелі боксшы Макгоуэнмен кездеседі. Екі боксшы бірінші орта салмақтағы WBC International белбеуін сарапқа салады.
Айта кетейік, 26 жастағы жерлесіміз жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысып, алғашқы айқасында техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Бөлісу: