Аймақтар
2 мин оқу 414

Жезқазғандағы «жерұйық»

<p style="text-align: justify;">Былтыр Жезқазған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер сарайының базасында &laquo;ЭкоОбраз&raquo; қоғамдық бірлестігі жобасының бастамасымен Жасыл технологиялардың ресурстық орталығы құрылған еді. Қазір мұндағы тәлімбақта 3 мыңнан аса көшет өсіп шықты.</p>

Жезқазғандағы «жерұйық»

Аталған орталықтың жетек­шісі Андрей Матвеев тәлімбақ­тағы көшеттерді өсіруге бала­лар­дың белсенді түрде атсалы­сып жүргенін мақтанышпен айтады.

– Балалар тұқым жинау мен оларды отырғызудан бастап өсі­рілген көшеттерді күтуге дейінгі аралықтағы жұмыстардың бәрін өз қолдарымен, зор ынтамен істейді, – дейді ол.

Орталықтағы тәлімбақта ағаш­­тың әдемі сәнағаш (каталь­па), киіз павловния және қара­пайым өрік сынды үш түрі өсіріледі. Бұл өсімдіктер Жез­қаз­ған өңірінің климаттық ерек­шеліктері ескеріліп таң­далған. Биылдың өзінде қалада отыр­ғызылған 500 көшеттің 90%-дан астамы тамыр алып, жерсініп кет­кен екен.

Тәлімбақтағы жұмыс мынадай үдеріс бойынша ұйым­дас­тырылады: көктемде бар­лық көшет жылыжайда отыр­ғызылады. Тамшылатып суару, гидрогель, вермикомпост сын­ды тәсілдер суаруға қажет су­дың мөлшерін үнемдеп қана қой­май, өсімдіктердің өсуі мен дамуын едәуір жылдамдатады. Егер қалыпты жағдайда каталпа көшеттерін өсіруге 2-3 жыл уақыт кетсе, мұнда 9 айдан 1,5 жылға дейін, ал павловния аға­шын жарты жылдан кейін отырғыза беруге болады.

Бүгінгі таңда тәлімбақтың көлемін кеңейту бойынша жұ­мыстар қолға алынған. Birgemiz: Taza alem жобасының шағын гран­тының арқасында балалар мен жасөспірімдер сарайында тағы 220 шаршы метр құр­ғақ топырақ тамшылатып суару тә­сілімен қамтамасыз етіл­мек. Бұдан бөлек қаладағы №26 гим­назияның базасында қосымша алаң пайда болады.

Алдағы уақытта Жезқаз­ған­ның шап-шағын «жерұйы­ғына» айналған тәлімбақта өсімдік түр­лері көбейтіліп, емен, қайың, ар­ша сияқты ағаш көшеттері өсіріл­мек­ші. Мамандар өздері айналысып жүр­ген берекелі істің Жезқазғанды ғана емес, басқа да өңірлерді жасыл же­лекке бөлеу жобасына игі әсерін тигізетініне бек сенімді.

 

Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы

Бөлісу:
Жезқазғандағы «жерұйық» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар