Президент
1 мин оқу 506

Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек - Тоқаев

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға шақырды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Әлемдік турбуленттік үш жауыздықтың, атап айтқанда сепаратизм, терроризм мен экстремизм күштерінің бас көтеруіне әкеп соқты. Өршіп бара жатқан қауіптерге деген біздің ұйымның орынды жауабы – сепаратизм, терроризм мен экстремизмге қарсы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық бағдарламасын интернетте де белсенді түрде жүзеге асырудан көрініп тұр. Қоғамдық және экономикалық салалардың онлайн режимге өтуі – киберқауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын алға шығарады. Сол себепті біз жедел түрде ШЫҰ Аймақтық Терроризмге қарсы Құрылым аясында (ШЫҰ ТҚҚА) Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек деп есептейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында.

Бөлісу:
Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек - Тоқаев · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар