Қазақстан
2 мин оқу 280

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;" align="justify">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК деректері бойынша еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.</p>

11 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11 қарашада Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

11 қарашада Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11-13 қарашада Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетеді.

11 қарашада Батыс Қазақстан облысында қар, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Қарағанды облысында жаңбыр, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

11 қарашада Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секнудына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

11-12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секнудына 15-20 метрге жетеді.

Бөлісу:
Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар