Парламент
2 мин оқу 104

Сенаторлар салықтың жаңа жеңілдіктерін ұсынады

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сенаторлар салықтың жаңа жеңілдіктерін ұсынады

Онда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Отырысқа Сенат депутаттары, сондай-ақ ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Заң жобасы тұтастай алғанда еліміздің салық саясатын жетілдіруге, қазақстандықтар үшін салық төлеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Құжаттың қабылдануы бизнес жүргізу мен Қазақстанға инвестиция тартуға да оң әсер етеді.   

Салық кодексіне көптеген салалар бойынша айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, резиденттерге салық салу процессі жетілдіріледі. Заң жобасы мүлік пен жер салығын бірыңғай төлемге шоғырландыруды көздейді. Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі пәтер иелеріне жер салығы жойылды.

Инвесторларға, агроөнеркәсіптік кешен өкілдеріне, әсіресе отандық өндірушілерге салықтық жеңілдіктер ұсынылады. Олар үшін қосымша құн салығын қайтару жеңілдетіледі, көлік құралдары мен ауылшаруашылығы техникаларын өндіруде қолдау көрсетіледі. Сенаторлардың пікірінше, бұл өзгерістер тек отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көлік және телекоммуникация, жер қойнауын пайдалану, қаржы және тағы басқа салаларды да қамтиды. Заң жобасын қабылдау іскерлік ортаға қолайлы жағдай туғызады және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартады, сондай-ақ салық төлеушілердің, нарық субъектілері мен мемлекеттің мүдделеріне оң әсер етеді деп күтілуде.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу:
Сенаторлар салықтың жаңа жеңілдіктерін ұсынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар